«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ, 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8(71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.zhusupova@sko.gov.kz «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маман.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты EG-3. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

«Integro» ЭСҚЖ электрондық құжат айналымы және қағаз құжат айналымы жүйесінде кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдау және тіркеу. «Е-Өтініш» АЖ-да азаматтардың өтініштерін қабылдауды және өңдеуді жүргізу, өтініш берушіні өтінішті қарау нәтижелері туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі. Ауылдық округ әкімінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізуге материалдар дайындау, жиналыс хаттамаларын ресімдеу. Ауылдық округ әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындау. Істер номенклатурасын әзірлеу. Құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттарды дайындау және мұрағатқа тапсыру. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау  «А» блогы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе құқықтану және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика және статистика); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология және/немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау және/немесе гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау және/немесе тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия және/немесе жерге орналастыру және/немесе мал шаруашылығы); өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар және/немесе тілдер және әдебиет); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет және құрылыс); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар және/немесе журналистика және ақпарат); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); ветеринария (ветеринария).

Ортадан кейінгі білімі немесе техникалық және кәсіптік білімдері: өнер және гуманитарлық ғылымдар (мұрағатшы және/немесе аударма ісі (түрлері бойынша) және/немесе әлеуметтік қызметкер); әлеуметтік ғылымдар және ақпарат (кітапханашы); бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе экономист және/немесе бухгалтерлік іс және салық салу және/немесе банк және сақтандыру ісі және/немесе менеджмент (қолдану салалары бойынша)); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (техник-статистик); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және талдау және/немесе деректер базасын және ақпараттық желілерді құру және оларды басқару, немесе есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша))); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (ауыл шаруашылығын механикаландыру және/немесе жерге орналастыру).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);
  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық топтамасын электрондық почта мекенжайына электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жіберіледі.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi.

Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар жергілікті атқарушы органдарының, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiнiң интернет-ресурстарында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi күнiнен бастап есептеледi, 3 жұмыс күнi iшiнде iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не zh.zhusupova@sko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады. Анықтамаларды 8(71536) 21426, арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (DOCX 17 Kb)

14.11.2023
Қараулар: 148
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет