Хабарлама

2023 жылы 23 қараша
Интернет ресурсында орналастырылды

КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8 (71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.zhusupova@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жетекші маман.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты EG-4. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 168577 теңгеден 193642 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету. Әскери есепке алу және әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды өткізу. Әскери қызметке шақырылғандар мен әскерге шақырылғандар бойынша әскери есепке алу және есеп жүргізу. Төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету. «Парус-КАЗ Бюджет» бағдарламалық өніміне қызмет көрсету. Статистикалық, шаруашылық есепті жүзеге асыру. «Тұрмыстық кітап» электронды мәліметтер базасын жүргізу. Статистикалық есептерді, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық паспортын құрастыру. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ақпарат дайындау. Сайлаушылар тізімдерімен жұмыс. Жастар саясаты бойынша жұмыс. Спорттық шараларды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешу

«В» блогы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе құқықтану және/немесе экономикажәне/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика және статистика); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология және/немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау және/немесе гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау және/немесе тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия және/немесе жерге орналастыру және/немесе мал шаруашылығы); өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет және құрылыс); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және

ақпарат (әлеуметтік ғылымдар); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); ветеринария (ветеринария).

Орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: білім

(Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту және/немесе Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және/немесе орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі); өнер және гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі (түрлері бойынша) және/немесе мұрағатшы және/немесе әлеуметтік қызметкер); әлеуметтік ғылымдар және ақпарат (кітапханашы); бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе қаржы, банк және сақтандыру ісі және/немесе менеджмент (қолдану салалары бойынша) және/немесе бухгалтерлік іс және салық салу); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (техник-статистик); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (деректер базасын және ақпараттық желілерді құру және оларды басқару және/немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және талдау есептеу техникасы және ақпараттық желілер) (түрлері бойынша); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (Ауыл шаруашылығын механикаландыру және/немесе жерге орналастыру).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

  1. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
  2. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен қатысуға құқылы.

Мемлекеттік қызметші мен адамның жалпы конкурсқа қатысуы үшін, Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілгендерге келесі құжаттар:

  1. өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер құжаттарды "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы ұсына алады.

Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердің 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.

Құжаттардың толық емес топтамасын, не анық емес мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі оларды хатшының Конкурстық комиссия қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілеріне жіберіледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жергілікті атқарушы органдардың, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адам "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында құжаттарды қабылдайды.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды қолма-қол тәртіппен, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері арқылы, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайларын құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның қызметшілері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе басқару қызметінің шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (DOCX 28 Kb)

23.11.2023
Қараулар: 120
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет