Хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына конкурс жариялайды «мәдени ұйымдастырушы» (1 бірлік). Азаматтық қызметкер санаты С-3. Жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты.

Лауазымдық міндеттері:

Ойын-сауық, тұрғындардың ойындық қатынасы мен демалысының ұжымдық түрлерін ұйымдастырады;

сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, ұжымдық демалыстың ойын түрлерін, көркемдік безендіру, әуенмен әрлеу және техникалық жабдықтау жұмыстарын жасауға қатысады;

концерттердір дайындау үшін сценарийлік жоспарлар жасайды, көркемдік және музыкалық жетекшілерді, хореографтарды, концертмейстерлерді, шығармашылық ұжымдарды, жеке әншілерді шақырады;

эскиздер мен реквизит заттарын жасайды;

концерттік бағдарламалардың фонограммасын дайындайды;

шығын сметасын дайындайды және ұйым басшылығына бекітуге ұсынады.

Конкурстың қатысушыларына жалпы талаптар:

ҚР Конституцияны, Еңбек кодексін РК, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» , клуб жұмысының ұйымдастырылуын, мәдени-демалыс жұмыстарының мәселелері бойынша басқарушы материалдарын, мәдени ұйымдардың озық жұмыс тәжірибелерін.

Біліктілікке қойылатын талап:

Кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «педагогикалық ғылымдар» (жалпы дамыту, гуманитарлық пәндер, тіл және әдебиет пәндері бойынша мамандығы бар мұғалімдерді даярлау) немесе «өнер және гуманитарлық ғылымдар» немесе « әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат », жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды ұсынбай.

«Өнер» немесе «білім беру» мамандықтары топтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды ұсынбай.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралыөтінішті; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса, конкурсқа қатысушының құжаттары қайтарылады.

Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Ұйым кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жарияланған соң 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 151021, Солтүстік Қазақстан облысы,Тайынша ауданы, Красная Поляна ауылы, Кооперативная көш., 27, «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ. Анықтама телефондары: 8(71536) 54217, электрондық пошта krasnopol@mаil.kz

16.06.2023
Қараулар: 243
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет