КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

2022 жылы 07 шілде

КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8 (71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.bolatova@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік   лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жетекші маман.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты EG-4. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Әскери міндеттелерге, әскерге шақырылушыға дейін және әскерге шақырылушы жастарға құжаттарды есепке алу және рәсімдеу;   медициналық комиссияға әскерге шақырушыларды дер кезінде жинау және жөнелту;     қару күштер қатарларына шақырушыларды жөнелту үшін бақылау; қорғаныс істері бөліміне есепті ұсыну; жергілікті салықтарды жинауын ұйымдастыру; салық тапсырушыға хабарламаларды тапсыру; азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша құжаттаманы жүргізу, шаруашылық есеп жүргізу; шаруашылық және фермерлік қожалықтардың есебін жүргізу: мал мен құстың, шаруашылық және фермерлік қожалықтарында ауылшаруашылық техниканың және құрылыстың бары туралы, ұй шаруашылықтарында мал мен құстың, ауылшаруашылық техниканың бары туралы, шаруашылық және фермерлік қожалықтарындағы жер алқаптары бар туралы, ұй шаруашылықтарында жер алқаптары бар туралы;сайлаушылар тізімін салыстырып тексеруді жүргізу, сайлаушылардың сандық құрамы жөніндегі тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну; спорт іс-шараларын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді шешу; жастар саясаты мәселелері жөніндегі жұмыс; халықты есепке алу және сандық пен ұлттық құрамы жөнінде есеп беру; ауылшаруашылық мәселелері бойынша ақпараттарды даярлау;ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық төлқұжатын құрастыру.

Блок «А»      

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «құқық», немесе «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасы ету, машина жасау, көлік, көлік техникасы және технологиялар, құрылыс), немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «жаратылыстану ғылымдар», немесе «қызмет көрсету» (көлікті пайдалану жəне жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, жерге орналастыру,әлеуметтік жұмыс) бейіндері бойынша.

Немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «құқық», немесе «білім», немесе «сервис, экономика және басқару» (аударма ісі (түрлері бойынша), іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аясы бойынша), маркетинг (салалары бойынша), менеджмент (салалары және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалары бойынша), статистика, есеп және аудит (салалары бойынша), экономика (салалары бойынша), әлеуметтік жұмыс), немесе «байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиядар. Электрондық техника» (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша), немесе «металлургия және машина жасау» (машина жасау технологиясы), немесе «көлік (салалар бойынша)», немесе «құрылыс және коммуналдық шаруашылығы», немесе ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, зоотехния, өсімдік шаруашылығы, фермерлік шаруашылық (бейіні бойынша), балық шаруашылығы түрлері бойынша), аңшылық және ан өсірушаруашылығы, орман шаруашылығы, бақ - саябақ және ландшафтық құрылысы (түрлері бойынша), ауыл шаруашылығын механикаландыру), экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша), жерге орналастыру), немесе «өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану» (тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша), жол қозғалысын ұйымдастыру)   бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен қатысуға құқылы.

Жоғарыда аталған тұлғалар келесі құжаттар тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердің 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.

Құжаттардың толық пакетiн электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жергілікті атқарушы органдардың, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның қызметшілері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе басқару қызметінің шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (DOCX 25 Kb)

07.07.2022
Қараулар: 1264
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет